КӘСІПОРЫН ТУРАЛЫ

Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы Қала Жарық" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.

Кәсіпорын Алматы қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 27 мамырдағы № 2/441 Қаулысы негізінде қала тұрғындарының жайлы өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету және коммуналдық инфрақұрылымның жай-күйін жақсарту мақсатында құрылды.

Коммуналдық меншік құқығы субъектісінің функцияларын Алматы қаласының әкімдігі жүзеге асырады, мемлекеттік басқару органы "Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы" болып табылады.

Кәсіпорын қызметі

Қойылған мақсаттарға жету үшін кәсіпорын келесі іс-шараларды жүзеге асырады

Жайлы өмір сүру

Алматы қаласы тұрғындарының жайлы тұруын қамтамасыз ету және Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымының жай-күйін жақсарту

Жарықтандыру

Алматы қаласының көшелерін жарықтандыру объектілерін ұстау

Жөндеу

Алматы қаласының қоғамдық көлік аялдама кешендерінің жарықтандыру құрылғыларына ағымдағы жұмыстарын жүргізу

Техникалық қызмет

Алматы қаласының сыртқы жарықтандыру электр желілеріне техникалық қызмет көрсету

Түгендеу

Сыртқы жарықтандыру объектілерін түгендеу

Жаңа технологиялар енгізу

Жаңа энергия үнемдейтін технологияларды енгізу

Автоматтандыру

Алматы қаласының сыртқы жарықтандыруын автоматтандыру

Басқару құрамы

Мысик Игорь Иванович

Кәсіпорын басшысы

Макаров Вадим Михайлович

Даму жөнінде орынбасары