ЖАРЫҚ ӨШСЕ ҚАЙДА ТЕЛЕФОН ШАЛУ КЕРЕК

АЛМАТЫДА ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ ЖИІ ШАТТАСАТЫН ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫНДАҒЫ ЕКІ КОМПАНИЯ БАР – БҰЛ «АҚЖ» ЖӘНЕ «АЖК». БҰЛ НЕ ЕКЕН ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫН ТҮСІНДІРЕМІЗ.

АҚЖ – «АЛМАТЫ ҚАЛА ЖАРЫҚ» МКК. КӘСІПОРЫН ҚАЛАНЫҢ СЫРТҚЫ (КӨШЕ) ЖАРЫҚТАУЫНА ЖАУАПТЫ. ЕГЕР СІЗДІҢ АУЛАҢЫЗДА ӘЛДЕ КӨШЕҢІЗДЕ ШАМДАР ӨШІП КЕТСЕ, НЕМЕСЕ САЯБАҚ ЖӘНЕ БАСҚА ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРДА ЖҰМЫС ІСТЕМЕЙТІН ФОНАРЬ КӨРСЕҢІЗ, «АЛМАТЫ ҚАЛА ЖАРЫҚ» МЕКЕМЕСІНЕ ХАБАРЛАСЫҢЫЗ. ДИСПЕТЧЕРЛІК ҚЫЗМЕТ 8771-718-24-39, 8771-718-24-56, 390-20-40, 390-20-60 ТЕЛЕФОНДАРЫ АРҚЫЛЫ ӨТІНІШТЕРДІ ТӘУІЛІК БОЙЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ.

  

АЖК – «АЛАТАУ ЖАРЫҚ КОМПАНИЯСЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ. АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰТЫНУШЫЛАРЫНА ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫН ЖЕТКІЗУ ЖӘНЕ БӨЛУ КӘСІПОРЫНЫ. ЯҒНИ ҮЙІҢІЗДЕ НЕМЕСЕ КЕҢСЕҢІЗДЕ ЖАРЫҚ ЖОҚ БОЛСА, «АЛАТАУ ЖАРЫҚ КОМПАНИЯСЫНА» ХАБАРЛАСА АЛАСЫЗ. БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ 356-99-99, 399-99-00 НӨМЕРЛЕРІ БОЙЫНША ҚОҢЫРАУЛАРДЫ ТӘУІЛІК БОЙЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ.

 

 ҚАЛАНЫҢ ӘРБІР УЧАСКЕСІН ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУІНЕ БЕЛГІЛІ БІР ЭЛЕКТР ЖЕЛІНІҢ АЙМАҒЫ (РЭС) ЖАУАПТЫ. АЛМАТЫ АУМАҒЫ 7 РЭС-ке БӨЛІНГЕН. «АЛАТАУ ЖАРЫҚ КОМПАНИЯСЫНЫҢ» САЙТЫНАН СІЗГЕ ҚАЙ РЭС ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІНІН ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЕЛЕФОН НӨМІРІН БІЛУІҢІЗГЕ БОЛАДЫ. ДӘЛ ОСЫ САЙТТА ҚАЛАДА ЖОСПАР БОЙЫНША ӨТКІЗІЛЕТІН ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ КЕСТЕСІ ӘР АПТА САЙЫН ЖАРИЯЛАНАДЫ. АТАЛМЫШ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛГЕН КЕЗДЕ БҮКІЛ АУМАҚТА ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ ӨШІРІЛУІ МҮМКІН.

 

 ЕГЕР ЖОСПАРЛЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ САЛДАРЫНАН БЕЛГІЛІ БІР АЙМАҚ ЭЛЕКТР ҚУАТЫНАН АЖЫРАТЫЛСА, ОНДА КӨШЕДЕГІ ШАМДАР ДА ЖАНБАЙДЫ. ОСЫНЫ ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП ЭЛЕКТР ЖАРЫҒЫНЫҢ ЖОҚТЫҒЫНА ӨТІНІШ ТҮСІРГЕН КЕЗДЕ МҰҚИЯТ БОЛУЫҢЫЗДЫ СҰРАЙМЫЗ.

 

БІЗДІҢ КЕҢЕСТЕРІМІЗ СІЗГЕ ПАЙДАЛЫ БОЛДЫ ДЕП ҮМІТТЕНЕМІЗ.

 

СІЗДІҢ «АЛМАТЫ ҚАЛА ЖАРЫҚ»

 

Пікір үстеу