Алматыда жыл басынан бері 82 жарықсыз учаске жарықтандырылды

Ағымдағы жылдың 9 айында «Алматы Қала Жарық» МКК (АҚЖ) бригадалары бұрын шам бағаналары болмаған аулаларға, көшелер мен тұйық көшелерге жарықтандыру желілерін жүргізді. Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша қаланың барлық аудандары бойынша жұмыстар жасалды, бұрын жарықтандырылмаған 82 учаске жойылды. Оларды абаттандыру үшін қосымша 400 шам және көптеген бағаналар мен кронштейндер орнатылып, 15 км кабель тартылды.

 

Мәселен, Бостандық ауданында 13 учаскеде, Алмалы ауданында – 21, Жетісуда – 11 учаскеде жұмыстар жүргізілді. Мысалы, Брусиловский көшесінде Абайдан Қарасай батырға дейін 32 жаңа шам бағанасы орнатылды. Клубная, Исиналиев көшелерінде және «Восточка» ТК-де 12 бағана орнатылды. Қазыбек би көшесінде Байтұрсынов көшесінен Сейфуллин даңғылына дейін оңтүстік жағында жарық мүлдем болмаған. Қазір 21 бағана орнатылуда, оған екі шам қойылды, енді тротуар мен жолға жарық түсіп тұрады.

Кәсіпорын басшысы Игорь Мысик түсіндіргендей, «жарықсыз аймақтар» деп аталатындарды инспекторлар көше мониторингі және аудан әкімдіктері мен «Алматы қала жарығына» түсетін азаматтардың өтініштерін зерделеу барысында анықтады.

«Қала тірі организм сиқяты, өзгереді, өседі, үнемі дамып отырады, оған жаңа аумақтар қосылады, қала ішінде де құрылыс бар. Мысалы, бір кездері бос жер болған және оның орнына бизнес-орталық немесе тұрғын үй кешені салынған, ал егер біреу жобалау кезінде сыртқы жарықтандыру желілерін өткізуді ескермеген болса, онда біз бұл жердегі «жарықсыз аймақты», яғни жарықтандырылмаған аймақты аламыз. Егер біздің кәсіпорын құрылысты жоспарлауға және бақылауға қатысуға тартылса, онда мұндай учаскелердің саны бірден азаяды. Әзірге біз тек қолданыстағы жарықтандыру желілеріне қызмет көрсетеміз», – дейді Игорь Мысик.

АҚЖ мәліметтері бойынша, бір кездері Алматы облысының аумағына жататын қалаға қосылған аудандар әлі де жарықпен толық қамтылмаған. Бұл бұрынғы ауылдар, саяжайлар, бау-бақша шаруашылықтары. Мысалы, Наурызбай ауданының тау бөктерінде, Қарағайлы шағын ауданында тек бір көшеде 11 жаңа жарық нүктесі орнатылды. Аудан бойынша барлығы 16 учаске болды, оларды жарықтандыру үшін қосымша жүзге жуық тірек орнатылды.

Жарықсыз учаскелер 20 қалалық мектептің жанында да анықталды. Оларды жою үшін 300-ге жуық жаңа жарық нүктелері орнатылды. Осы бағыттағы жұмыстар 2025 жылы аудан әкімдіктерімен бірлесіп жалғастырылатын болады.

Айта кетейік, 2024 жылдың қаңтар айынан бастап АҚЖ үш компаниядан тұратын консорциум мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша өз міндеттерін орындамағаннан кейін қаладағы жарықтың басым бөлігіне жауап береді. 2023 жылдың жазында қала әкімі Ерболат Досаев жеке серіктеспен шартты бұзып, барлық желілерді аудан әкімдіктерінің балансына беруді тапсырды.

Бүгін олардың барлығы кәсіпорынмен желілерге қызмет көрсету туралы келісім жасады. Осылайша, АҚЖ 2025 жылға қарай көшені жарықтандыруды 100% – ға дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

Добавить комментарий